«Евровидение-2017» байқауының жартылай финалында бақ сынайтындар іріктелді
«Евровидение-2017» байқауының жартылай финалында бақ сынайтындар іріктелді
Украина астанасында өтіп жатқан «Евровидение-2017» байқауының алғашқа жартылайфиналдық бәсекелері аяқталды. Бұл туралы байқаудың ресми сайтында хабарланды.
Ақтық сынға 18 қатысушы-мемлекеттің тек 10-ының өкілдері өтті. Атап айтқанда, Молдова, Әзербайжан, Греция, Швеция, Португалия, Польша, Армения, Австралия, Кипр және Бельгия елдерінің әншілері.
Финалистер екі кезеңмен анықталды. Ұлттық қазылар алқасы өз бағаларын бас дайындық кезінде қойған болса, көрермендер дауыстарын шоу телеарнадан көрсетіліп жатқан сәтте берді. Екінші жартылай финал - 11 мамыр күні өтеді. Байқаудың ақтық сынына өту үшін Македония, Мальта, Нидерланды, Сербия, Дания, Румыния, Венгрия, Австрия, Ирландия, Швейцария, Эстония, Израиль, Болгария, Сан-Марино, Литва, Хорватия, Норвегия және Беларусь елдерінің қатысушылары бақ таластыратын болады.
Айта кетейік, Болгария намысын қорғайтын әнші Кристиан Костов «ҚазАқпаратқа» сұхбат берген болатын. Қазаққа жиен болып келетін жас орындаушы қазақтың халық әндеріне, оның бай фольклорына таңдана қарайтынын айтты. Сондай-ақ Қазақстанға гастрольдік сапармен келіп, бесік жырларын джаз стилінде орындауды ойлап жүргенін жеткізді.
"Себебі бұл әндердің әуенінде қазақ халқының мыңжылдық тарихы жатыр. Ал жаңаша бағытта бұл әуендер миллиондаған жандардың жүрегіне жол табады деп сенемін", - деді ол.
Айта кетейік, «Евровидение-2017» 62-інші Халықаралық ән байқауының финалы 13 мамырда өтеді