Димаштың Астанадағы концертінің билеттеріне шетелдік жанкүйерлері таласуда

Димаштың Астанадағы концертінің билеттеріне шетелдік жанкүйерлері таласуда

Димаштың Астанадағы концертінің билеттеріне шетелдік жанкүйерлері таласуда
ашық дереккөзі
 Димаш Құдайбергеннің Астана қаласында 27 маусым күні өтетін жеке концертіне қазақстандықтардан бұрын шетелдік тыңдармандары таласып билет алып жатыр. Бүгінде жанкүйерлер билеттердің 40 пайызын сатып алып үлгерген. «#BASTAU - Димаштың Қазақстандағы ең үлкен арена - "Астана Аренада" өтетін жеке ән кешінің атауы! Үлкен әлемдік турне аясында ұйымдастырылған алғашқы концерт Елордамыз Астана қаласында 27 маусым күні өтеді. Биылғы жоспар бойынша Қазақстанда өтетін жалғыз ән кеші! Сондықтан, Халықаралық ЭКСПО көрмесі аясында өтетін Димаштың #Bastau-ының куәсі болу үшін арнайы Астана қаласына келуге шақырамыз! Бүгінде билет алып, арнайы Қазақстанға келе жатқан шет елдіктер өте көп. Ресей, Қытай, Германия, Италия, Франция, Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Өзбекстаннан билеттер алған жанкүйерлеріміз бар. Билет бағасы 2000 теңгеден #Bastau алады! 40% билеттер жанкүйерлердің қолында! Сіз де бізбен бірге болуға асығыңыз! Билеттер: expo2017culture.kz ticketon.kz +7 777 733 53 53», - дейді Димаштың  продюсері Алпамыс Шаримов.