Ардагерлерді арнайы барып құттықтады

Ардагерлерді арнайы барып құттықтады

Ардагерлерді арнайы барып құттықтады
ашық дереккөзі
9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласында тұратын ҰОС ардагері Жұмашев Пернебектің шаңырағына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат тарту етті. Сонымен қатар,  ҚР Премьер-Министрі     Б.Сағынтаевтың жолдаған құттықтау хатын тапсырды.  92 жастағы соғыс майдангерімен әңгімелесу барысында әкім бейбіт өмір үшін, ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің жанкешті ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын айтты. «Ұлы Отан соғысындағы жеңісте Қазақстаннан шыққан  қаһарманмен жауынгерлердің орасан зор үлесі бар. Сіздердің көрсеткен осынау ерліктеріңіз бүгінгі ұрпақ үшін нағыз отансүйгіштіктің, көпұлтты татулықтың теңдессіз үлгісі болып тарихта жазылып қалды. Сол мәңгі өшпес өнегелеріңіз жүрегіміздің төрінен орын алды. Болашақта да солай бола бермек»,- деді әкім. Кездесуде қазыналы қарт майдан даласындағы естеліктерімен бөлісіп, бүгінгі ұрпақтан егемен еліміздегі бейбіт өмірдің қадірін ұғынып, оны қастерлеуін өтінді. Сонымен қатар ол ел үшін шайқасқан әрбір ардагерге әрдайым құрмет көрсетіліп, әлеуметтік тұрғыда қолдау білдіріп жатқан Елбасыға және жергілікті билік өкілдеріне ризашылығын білдірді. Жұмашев Пернебек  1925 жылы Түлкібас ауданы, Манкент ауылында дүниеге келген. Ауылдағы 7 жылдық мектепті бітірген соң 1942 жылы қараша айында 1-2 Украина 13 армия қатарына шақырылып, ел алдындағы өз міндетін атқарды. 1944 жылы елге қайтып оралды.  «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған  ардагер зайыбымен 4 бала, 3 қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан 36 немере, 48 шөбере, 3 шөпшек сүйіп отыр.