Қазақстан жақында «мобильдік тәуелділіктен» арылады

Қазақстан жақында «мобильдік тәуелділіктен» арылады

Қазақстан жақында «мобильдік тәуелділіктен» арылады
ашық дереккөзі

Бүгін Мәжіліс елімізде Mobile Number Portability технологиясын енгізуге мүмкіндік беретін Заң жобасын мақұлдады. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасын депутаттарға ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов таныстырды.

Министр бұл Заң қабылданса, Қазақстанда «мобильдік тәуелділік» жойылатынын атап өтті. «Айталық, сіз «KCell» мобильді байланыс операторының қызметін қолданып жүріп, «Beeline-ға» ауысқыңыз келді. Енді бұрынғыдай «сим-карта» сатып алудың қажеті жоқ.

Сол нөмірмен-ақ, өзге байланыс операторына тегін ауыса аласыз. Ол үшін сіз өтініш беріп, кез келген компанияның, кез келген байланысына нөмірді өзгертпестен ауысасыз. Барлық қызметтердің тегін берілуін қамтамасыз ету», — деді Ә.Исекешев. Аталмыш Заң жобасын Депутаттар бірінші оқылымда бір ауыздан мақұлдады.