Головкин: Альварес-Чавес жекпе-жегі іш пыстырарлық спарринг болды
Головкин: Альварес-Чавес жекпе-жегі іш пыстырарлық спарринг болды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин сенбі күні өткен Сауль Альварес пен кіші Хулиов Сезар Чавестің жекпе-жегі туралы өз пікірін білдірді. Бұл жайлы Vesti.kz хабарлады.
"Сенбілік бокс кеші іш пыстырарлық болды, спарринг секілді. "Канело" жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтағысы келген жоқ. Ал, бұл билет пен PPV сатып алған көрермендер үшін ұнамайтыны анық. Жұртқа менің нокауттарым секілді драма керек. Егер мен күшімнің жететінін сезіп тұрсам, ендеше ұрып құлатамын", - деді Головкин америкалық журналистерге берген сұхбатында. Еске салайық, Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен жекпе-жек 12 раундқа созылып, төрешілердің шешімімен жеңіс Альвареске берілді. Ол қарсыласын кездесудің басынан аяғына дейін қуып жүріп ұрғанымен құлата алған жоқ.