Қытайда өзге ұлт өкілдері қазақтың тілі мен мәдениетін білуден жарысты

Қытайда өзге ұлт өкілдері қазақтың тілі мен мәдениетін білуден жарысты

Қытайда өзге ұлт өкілдері қазақтың тілі мен мәдениетін білуден жарысты
ашық дереккөзі
Қытайда өзге ұлт өкілдері қазақтың тілін, мәдениетін білуден жарысты Қытайдың CCTV орталық телеарнасының kazakh.cctv.com ресіми сайтында. Қытайдың жоғары оқу орындарында оқып жатқан өзге ұлт студенттері арасында қазақтың тілін, мәдениетін білуден сайыс өткендігі туралы ақпарат жарық көрді. Қазақ тіліне үлкен қызығушылық танытып, құрмет көрсеткен бұл шараны Шыңжаң тіл-жазу комитеті, Бейжіңдегі Орталық ұлттар университетінің қазақ тілі және әдебиеті факультеті, Шынжаң университеті, Іле педагогика университеті және Қытай тілдер университеті сынды білім ордалары ұйымдастырған. «Үрімжі қаласындағы Шыңжаң университетінде өткен сайысқа Қытайдың жоғары оқу орындарында қазақ тілі мамандығы бойынша білім алып жатқан өзге ұлт жастары қатысты. Қазақ тілінің аламан бәйгесінде 24 студент бағы мен бабын сынады. Қатысушылардың деңгейін әр қырынан сынаған байқау бірнеше кезеңге бөлінген. Олар жазбаша, ауызша емтихан тапсырып, қытай, қазақ тілдерінде ауызекі аударма жасау, берілген қазақша мәтінді жатық оқып, мазмұндап беру, берілген тақырып аясында мақала жазу түрлері бойынша сынақтардан өтті. Байқау барысында қазақ мәдениеті мен ұлттық дәстүріне және қазақша жаңа атау, терминдерге басымдық берілді», деп жазады дереккөз. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі аударып жазды.