3 мың мигрант құтқарылды

3 мың мигрант құтқарылды

3 мың мигрант құтқарылды
ашық дереккөзі
Италия шекарашылары Жерорта теңізінде бір күннің ішінде 3 мың мигрантты құтқарды. Жолда теңіздегі ауыр жағдайды көтере алмай, 7 адам қаза тапқан. Босқындар Еуропаға қарай үлкенді-кішілі 20 қайықпен жолға шыққан. Оларды құтқару операциясына шекарашыларымен қатар әскери және үкіметтік емес ұйымдардың кемелері тартылды. Ал жергілікті биліктің мәлімдеуінше, биыл жыл басынан сәуір айының аяғына дейін Жерорта теңізімен Еуропаға 43 мыңнан астам мигрант келіпті. Мыңнан аса келімсек қаза тауып, із-түссіз жоғалып кеткен. Өткен жылы осы теңіз арқылы Италияға 200 мыңға жуық босқын жеткен. Олардың басым көпшілігі кәрі құрлыққа Ливия арқылы өтпек болған Африка елдерінің азаматтары болып шықты.