Жаңалықтар

Ең қиыны - дайын өнімді өткізу

ашық дереккөзі

Ең қиыны - дайын өнімді өткізу

Былтыр Агроөнеркәсіптік кешеннің (АӨК) 2017-2021 жылдарға арналған даму бағдарламасы қабылданды. ҚР бірінші ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов Қазақстан Республикасында АӨК-ні дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын таныстырғанда, бағдарламаның негізгі міндеттерін атап берген болатын. Бағдарлама негізінде мал шаруашылығының тиімділігін 58 пайызағ арттыру көзделген. Өсімдік шаруашылығын 40 пайызға арттырып, тауарлы өндіріске 670 мың ұсақ өдіруші тарту және өнімдерді өткізу мен өңдеудің жүйесін құру қарастырылып отыр. Ол үшін ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту, Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді қамту алға қойылып отыр. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдау көрсету, қолдаудың қолжетімділігін қамтамсыз ету, экспорттық саясатты іске асыру және органилық өнімнің қазақстандық брендін жылжыту, 600 мың га астам суармалы жерді айналымға тарту, АӨК-ні мемлекеттік реттеуді жетілдіру жүзеге асырылады.