Жаңалықтар

Алғашқы кооператив Қарағанды облысында құрылды

ашық дереккөзі

Алғашқы кооператив Қарағанды облысында құрылды

2017 жылы республика бойынша 410 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады. Бұл жайында бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлімдеген болатын.  "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша ауылд елді мекендерде кооператив құру 90 жылдарда басталып, аяқсыз қалған шаруаны қайта жаңғыртты. Осы бағдарлама аясында алғаш құрылған кооператив Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының "Қызыл жар" және "Бақшалы" елді мекендерінде құрылды. Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының жеңілдетілген несиесі арқылы (жылына 6 пайыз) ірі қара сатып алу мақсатында 104 миллион теңгеге берілді. Шаруалардың көпшілігі бұл қаражатқа ірі қара алып, жылына екі рет ет өткізуі тиіс. Жыл соңына дейін Бұқар жырау ауданында тағы 5 кооператив құру жоспарланған. Осы орайда Алматы облысы Шелек фермерлерінің де еңбегін атап өткен жөн. Жеке шаруа қожалығы арқылы өз ісін дөңгелетіп отырған шаруаларға бұл жүйе тек пайдасын әкелмек. Негізінен, ет пен сүт өндіру бойынша кооператив құру көзделген, яғни осы салаларға айтарлықтай субсидия және басқа да мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Дегенмен, кейбір ауыл шаруашылығы мамандары субсидия берілгенімен салықтық жеңілдету жайында кепілдік жоқ. Сонымен қатар алынған өнімді өткізетін орындарды табу шаруаның мойнында, егер таба алмаса алған несиесі мен еңбегі күйіп кетпек, оның өтемақысы тағы бар. Жыл басында министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде негізгі баяндама жасаған оның айтуынша, өткен жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес шағын және орта шаруашылықтарды кооперативке тарту жұмыстары қолға алынған. «15 мың жеке қосалқы шаруашылықты қамтыған 157 кооператив құрылды. Олардың базасында жүзден астам сүт қабылдайтын пункт пен 7 мың отбасылық бордақылау алаңы ұйымдастырылды. Толықтай алғанда, индикативті жоспарлар барлық облыстар бойынша орындалды», - деді ол. Вице-министрдің айтуынша, ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдар 410 кооператив құратын болады. «Толықтай алғанда алдағы 5 жылда кооперативтер қызметімен жарты миллион жеке қосалқы шаруашылық пен шағын шаруашылықтар қамтылатын болады. Кооперативтер өнімдерді дайындауға, сақтауға және тасымалдауға көмектеседі. Бұған қоса, ветеринария мал азығын дайындау, агрохимия және өз мүшелеріне несие беруде жәрдемдеседі. Жалпы кооперативтер ауылдардың одан ары дамуының негізі болуы тиіс», - деді Айтуғанов.