Жаңалықтар

Елімізде тиімсіз субсидиялар алынып тасталды

ашық дереккөзі

Елімізде тиімсіз субсидиялар алынып тасталды

Елімізде кооперацияны дамыту мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, субсидия беруге өзгерістер енгізілді және кооперация мүшелеріне жеңілдік жасалды.  Ауылшаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов аграрлық кеңесте кооперацияны дамыту үшін субсидия берудің ережелеріне өзгеріс енгізілгенін айтты. Мемлекеттік қолдау бойынша жаңа Мемлекеттік бағдарлама аясында 8 субсидиялардың ережелері қайта қаралған. Сондай-ақ 11 тиімсіз субсидия алынып тасталынып, 39 субсидия түріне өзгеріс енгізілген. Министрдің айтуынша, биылдан бастап мемлекеттік қолдау көрсету 7,5 есеге ұлғаймақ. Оның ішінде, бордақылау алаңдары үш есеге көбеймек. Мәселен, әр асыл тұқымды ірі қара мал басын сатып алғанда қайтарымсыз 150 мың теңге беріледі. Ал бұған дейінгі ережеде асыл тұқымға да, шаруа малға да бірдей қаржы төленіп келген.