Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы кооперациясы деген не?

ашық дереккөзі

Ауыл шаруашылығы кооперациясы деген не?

90 жылдардың басында кооператив құрылады екен деп көпшілік гу-гулесті. Ұжымға бірігіп егін салып, кәсіппен айналысу идеясы дүйім жұртқа үміт сыйлағандай болды. Өкінішке қарай, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы тоқырау, қаржылық дағдарыс кооперативтердің дамуына кедергі болды, құлдырап, жойылып кетуге әкеп соқтырды. Осы идеяны одан әрі дамыту мақсатында «Ауыл шаруашылық кооперациясы туралы» заң қабылданғаны белгілі. Осыдан кейін ауылды елді мекендерде кооперацияның пайдасы мен жеңілдіктері туралы түсіндіру жұмыстары басталды. Атап айтқанда, мемлекеттік қолдаудың түрлері, қаржыландыру шаралары, кооперативке бірігудің артықшылықтары туралы кеңінен мағлұмат берілді. Жеке шаруа қожалығын құрып, істі дөңгелетіп әкету оңай емес. Сондықтан бірлесіп, бір үжымға бірігу арқылы мемлекет тарапынан берілетін көмекке қол жеткізуге болады. Атап айтқанда, шағын түрдегі шаруашылықті жүргізуде өнімді өткізуге кепілдік жоқ, алынған өнімді жеткізу мен нарыққа шығару, шығынын ақтау, техникалық жабдықтардың жетіспеушілігі сияқты түйткілдер көп. Осы ретте ауылшаруашылық кооперативтеріне біругу осы мәселелерді оңай шешпек. Өнімді өткізу, бірлесе ұйымдастыру, құжат рәсімдеу, субсидия алу, мемлекеттік қолдауға қол жеткізу сияқты шараларды ұйымдастыруда пайдасы зор болмақ.