Жаңалықтар

Италяндық әріптестерін ЭКСПО-ға шақырды

ашық дереккөзі

Италяндық әріптестерін ЭКСПО-ға шақырды

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Италияның Рим қаласында Парламентшілердің «G7/20-Рим 2017» халықаралық конференциясына және Халықтың қоныстануы мен дамуы жөніндегі Азия парламентшілерінің форумы (ХҚДАПФ) Атқарушы комитетінің 82 – отырысына қатысты. Парламентшілердің G7/20 конференциясына қырықтан астам елдің депутаттары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылары  қатысты. Форум  Көші-қон мен гендерлік теңдік мәселесіне арналған. Конференция барысында Г.Исимбаева «Көші-қон, қауіпсіздік» атты тақырыпта сөз сөйледі.  Ол өз сөзінде әлемдегі көші-қон саясатын жетілдіру, босқын әйелдер мен балалардың құқығын заңнамамен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Парламентші шараға қатысушыларды Қазақстандағы Конституциялық реформалар мен олардың елдегі демократияны нығайту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарынан хабардар етті. Парламенті мәжілісі аппаратының  баспасөз қызметі сонымен қатар, Г.Исимбаева Италия парламенті депутаттар палатасының вице-спикері Р.Джакеттимен  және «Италия-Қазақстан» достық тобының мүшелерімен жүздескені туралы ақпарат таратты. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы өзара қарым-қатынастың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Мәжіліс Төрағасының орынбасары парламентаралық дамудың маңызына заң шығару ісінде тәжірибе алмасу, өзара ынтымақтастық топтарды белсендіре түсу жолдарына тоқталды. Р.Джакетти өз кезегінде Қазақстан мен Италия арасындағы екі жақты қатынастардың стратегиялық серіктестік пен конструктивті үндесу  жолымен өркендей беретініне сенім білдірді. Италияндық парламентшілер Қазақстандағы Конституциялық реформалар жайында біле түсуге мүдделілік танытты.  Мәжіліс төрағасының орынбасары президенттік басқару формасын сақтай отырып, билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлудің негізгі мәселелері жайында толық мағлұмат берді. Жүздесу соңында Г.Исимбаева италяндық әріптестерін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне шақырды.