Жақсылық Үшкемпіров атындағы турнир
Жақсылық Үшкемпіров атындағы турнир
Алматыдағы «Халық Арена» мұз айдынында 1997-1999 жылдары туылған жеткіншектер арасында грек-рим күресінен Қазақ КСР еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған ашық халықаралық турнирі өтті.
Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген спортшылар, сонымен қатар, Армения, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттерінен 280-нен астам балуан бақ сынады.
Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, ҚР спорт және мәдениет министрлігінің бас хатшысы Қуатжан Уалиев, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров пен КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының жүлдегері Дәулет Тұрлыханов қатысушыларға сәттілік тіледі. Олар Жақсылық Үшкемпіровті 1984 жылдан бастау алған турнирмен құттықтап, Huyndai Creta көлігін сыйға тартты.
Ал Жақсылық Үшкемпіров осындай сыйлықтар мен ізгі құрметке ризашылығын білдіріп,Елбасы мен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке көрсетілген қолдау үшін алғыс айтты.
– Әлбетте, мұның барлығы еңбек пен отанға деген махабаттың арқасында өтіп жатыр. Біз өмірімізді спортқа арнадық, мақсаттарымызға жету үшін аянбай еңбек еттік. Елбасы мен еліміздің қолдауының арқасында осындай нәтижеге жетіп, халықтың үмітін ақтадық. Біздің елбасы спорттың дамуына барлық жағдайды жасап жатыр. Спорттық алаңдар мен спорт түрлерінен тегін секциялар көптеп ашылып жатыр. Мұның барлығы ел бірлігінің арқасында. Бауыржан Байбек мырзаға осы турнирді ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. Турнир тек мен үшін емес, сіздер үшін, құрметті көрермендер, балалардың болашағы мен өсіп келе жатқан ұрпақ үшін. Жас палуандарға халықаралық алаңдарда жақсы нәтижелерге жетуіне, және Қазақстан чемпиондары атануына тілектеспін. Жарқын жеңістер әлі де алда, – деп қорытындылады Жақсылық Үшкемпіров.
Турнирдің бірінші күні палуандар – 50 кг, 60 кг, 74 кг и 96 кг салмақ дәрежелерінде белдесті.Олар (UWW) ережелеріне сәйкес күресті.
– Қарсыластарым мықты болды. Алайда мен оларды жеңіп шыққаныма қуаныштымын. Бірінші орынды еншілендім. Турнирге алдыңғы екі жыл бойы қатысқанмын, бірақ, өкінішке орай, нәтижесіз. Осы жылы жарысқа жастар құрама командасымен соңғы рет қатысудамын. Енді ересектер арасында бәстесетін боламын. Алдағы уақытқа бірнеше турнирлер жоспарланған, соның бірі Азия чемпионаты. Жеңіске жетемін деген ойдамын, – деді турнир жеңімпазы Елмар Укали.
Ал жарыстың екінші күнінде мына салмақ дәрежелеріндегі спортшылар күреседі: 55 кг, 66 кг, 84 кг, 120 кг (+2 кг рұқсат етіледі).