Румындар ЭКСПО-да әлемдегі ең қуатты лазерді таныстырады

Румындар ЭКСПО-да әлемдегі ең қуатты лазерді таныстырады

Румындар ЭКСПО-да әлемдегі ең қуатты лазерді таныстырады
ашық дереккөзі
Буxарест қаласындағы лазерлік теxнологияларды ғылыми-зерттеу орталығында Румынияның ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ашылатын ұлттық павильоны таныстырылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Румындықтардың павильоны жарық энергиясына арналады. Осыған орай, орталық мамандары алдымен Еуропаның «Extreme Light Infrastructure» ("Экстремалды жарықтың инфрақұрылымы") атты жобасын таныстырды. Соның аясында әлемдегі ең қуатты лазерді құрастыру жоспарланған. Дәл осы лазердің үлгісі Астанадағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінде көрсетіледі. Аталған құрылғы румын павильонының басты элементі болады. Айта кетейік, Буxарестте өткен шараға Қазақстанның Румыниядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дәулет Батыршаев, Ядролық инжинерия және физика бойынша ұлттық ғылыми-зерттеу институтының директоры, академик Николае Земфир, Қазақстан-Румыния екі жақты сауда-өнеркәсіп палатасының президенті, Галаце қаласындағы Қазақстанның құрметті консулы Галаце Петру Лифичиу, ғалымдар мен кәсіпкерлер қатысты.