Қарағандыда қоғамдық көліктің қозғалтқыш бөлігінен өрт шықты. Полиция қызметкерлері жолаушылар мен жүргізушіні дер кезінде эвакуациялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға 29 қараша күні сағат 14:20 шамасында Бұқар жырау көшесіндегі "45 квартал" аялдамасы маңында болған.
"Полиция қызметкерлері орталық сектор аумағын патрульдеу кезінде №01 бағыттағы автобустың қозғалтқыш бөлігінен өрт шыққанын байқаған. Тәртіп сақшылары дереу әрекет етіп, автобустағы жолаушылар мен 51 жастағы жүргізушіні қауіпсіз жерге шығарды. Бұдан кейін қолда бар өрт сөндіргіштердің көмегімен жалынды сөндіруге кіріскен", - деп жазылған хабарламада.
Нәтижесінде өрт толықтай сөндірілді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.