Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлау кезінде сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 53,86 пайызы дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.
ОСК дерегіне сәйкес, өңірлер арасында сайлаушылардың белсенділігі жөнінен Түркістан облысы көш бастап тұр. Мұнда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 69,84 пайызы таңдау жасаған.
Жоғары көрсеткіш Жетісу облысында (68,03%), Қызылорда облысында (67,36%) және Ақтөбе облысында (66,19%) тіркелді.
Ал ең төменгі белсенділік Алматы қаласында байқалды. Мұнда сайлаушылардың 33,73 пайызы дауыс берген. Астанада бұл көрсеткіш 39,91%, Шымкентте 40,23% болды
Өңірлер бойынша дауыс беру көрсеткіштері төмендегідей:
Абай облысы – 63,02%;
Ақмола облысы – 53,16%;
Ақтөбе облысы – 66,19%;
Алматы облысы – 56,25%;
Атырау облысы – 51,17%;
Батыс Қазақстан облысы – 52,27%;
Жамбыл облысы – 56,31%;
Жетісу облысы – 68,03%;
Қарағанды облысы – 53,42%;
Қостанай облысы – 54,15%;
Қызылорда облысы – 67,36%;
Маңғыстау облысы – 56,17%;
Павлодар облысы – 55,89%;
Солтүстік Қазақстан облысы – 56,58%;
Түркістан облысы – 69,84%;
Ұлытау облысы – 51,53%;
Шығыс Қазақстан облысы – 61,47%.
Еске салайық, бүгін, 29 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр.