Мәслихат есімді жетісулық сайлауда дауыс берді

Бүгін, 14:51 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ӨКҚ

Жетісу облысының Сарқан ауданына қарасты Қарабөгет ауылының тұрғыны Сағатбек Мәслихат мәслихат депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Оның есімі сайлау науқанының атауымен үндесіп, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ауылдық мәдениет үйінде қызмет ететін Сағатбек Мәслихат 29 қарашада №369 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Ол әр азаматтың сайлауға қатысуы маңызды екенін атап өтті.

«Әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Сондықтан дауыс беру құқығын пайдалану маңызды деп санаймын», – деді ол.

Айта кетейік, мәслихат депутаттарын сайлау жергілікті өкілді органның құрамын қалыптастыруға бағытталған. Ал Сарқан ауданы тұрғынының есімі осы саяси науқанның атауымен ерекше үйлесіп тұр.