Мәслихат сайлауы: қазірге дейін сайлаушылардың 45,46 пайызы дауыс берді

Бүгін, 14:33 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Астана әкімдігі

Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлау кезінде сағат 14:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 45,46 пайызы дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.

Комиссияның мәліметінше, өңірлердегі дауыс беру белсенділігі әртүрлі. Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді. Мұнда сайлаушылардың 56,91 пайызы дауыс берген. Жетісу облысында бұл көрсеткіш 58,35 пайызды, Қызылорда облысында 56,38 пайызды құрады.

Алматы қаласында сайлаушылардың 25,72 пайызы ғана дауыс берген. Астанада бұл көрсеткіш 33,27 пайыз болса, Шымкентте 32,74 пайызға жетті.

Өңірлер бойынша дауыс беру көрсеткіштері төмендегідей:
Абай облысы – 51,82%;
Ақмола облысы – 49,14%;
Ақтөбе облысы – 54,17%;
Алматы облысы – 51,36%;
Атырау облысы – 46,71%;
Батыс Қазақстан облысы – 46,12%;
Жамбыл облысы – 48,05%;
Қарағанды облысы – 44,76%;
Қостанай облысы – 46,21%;
Маңғыстау облысы – 47,51%;
Павлодар облысы – 46,83%;
Солтүстік Қазақстан облысы – 43,74%;
Ұлытау облысы – 43,63%;
Шығыс Қазақстан облысы – 54,46%.

Айта кетейік, дауыс беру қорытындысы бойынша мәліметтер Орталық сайлау комиссиясының ресми ақпаратына негізделген.