Мәслихат сайлауы: қай өңірде дауыс берушілердің белсенділігі жоғары

Бүгін, 10:16 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Астана әкімдігі

Бүгін, 29 қарашада, Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың дауыс беру көрсеткішін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

ОСК мәліметінше, осы уақытқа дейін республика бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 12,31 пайызы дауыс берген.

Өңірлер арасында сайлаушылардың белсенділігі Ақтөбе облысында жоғары болды. Онда дауыс беруге құқығы бар тұрғындардың 16,49 пайызы таңдау жасаған. Одан кейін Қызылорда облысы (16,33%) мен Түркістан облысы (15,32%) тұр.

Ал ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында тіркелді. Мұнда сайлаушылардың 6,41 пайызы дауыс берген. Қостанай облысында бұл көрсеткіш 9,75%, Астанада 9,93% болды.

Өңірлер бойынша дауыс беру көрсеткіші:

- Ақтөбе облысы – 16,49%;
- Қызылорда облысы – 16,33%;
- Түркістан облысы – 15,32%;
- Шығыс Қазақстан облысы – 14,37%;
- Жетісу облысы – 14,24%;
- Қарағанды облысы – 14,01%;
- Алматы облысы – 13,53%;
- Маңғыстау облысы – 13,02%;
- Ұлытау облысы – 12,97%;
- Жамбыл облысы – 12,83%;
- Шымкент қаласы – 12,67%;
- Абай облысы – 12,56%;
- Ақмола облысы – 12,04%;
- Атырау облысы – 11,86%;
- Батыс Қазақстан облысы – 11,85%;
- Павлодар облысы – 10,91%;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 10,82%;
- Астана қаласы – 9,93%;
- Қостанай облысы – 9,75%;
- Алматы қаласы – 6,41%.

Айта кетейік, сайлау учаскелерінде дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.