Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлау басталды

Бүгін, 07:00 / Нұрлан Әлинұр
Фото: gov.kz

Бүгін, 29 қарашада, Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Еліміз бойынша сайлау учаскелерінде дауыс беру басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, республика бойынша барлығы 10 338 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 101-інде дауыс беру таңғы сағат 06:00-де басталса, қалған учаскелер сағат 07:00-де ашылды.

Бұл жолғы сайлауда 228 мәслихаттың депутаттары сайланады. Оның ішінде 20 облыстық, 38 қалалық және 170 аудандық мәслихат бар.

Жалпы, сайлау нәтижесінде 3 447 депутаттық мандат бөлінеді. Оның 668-і облыстық, 626-сы қалалық, 2 153-і аудандық мәслихаттарға тиесілі.

Дауыс беру учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Алайда кейбір учаскелерде жергілікті жағдайға байланысты дауыс беру уақыты өзгеше белгіленуі мүмкін.