Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали Астанада өтіп жатқан Гран-при сериясының финалдық кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың ақтық бәсекесінде ирандық Радин Зейналимен жолықты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша ирандық таеквондошы 2:1 есебімен жеңіске жетті.