Карина Ибрагимова бокстан әлем кубогі кезеңінде Олимпиада жүлдегерін жеңді

Бүгін, 15:58 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының ширек финалында жеңіске жетті.

Бұрымды боксшымыз 57 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері У Ши Имен (Қытайлық Тайбэй) жұдырықтасты.

Карина алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Тіпті, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Даниял Сәбит (50 келі) жарысты аяқтаған болатын.