Бокстан әлем кубогі: Қазақстандық боксшы алғашқы жекпе-жекте жеңіліп қалды

Бүгін, 13:41 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Ташкентте (Өзбекстан) бокстан әлем кубогының финалдық кезеңі басталды.

Алғаш болып шаршы алаңға Даниял Сәбит шықты.

Отандасымыз 50 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Шодиержон Меликузиевпен жұдырықтасты.

Нәтижесінде Даниял Сәбит төрешілердің шешімімен қарсыласына 5:0 есебімен жол берді.