Мемлекет басшысы Албания президентіне жеделхат жолдады

Бүгін, 12:20 / Нұрлан Әлинұр
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албанияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ықпалдастық одан әрі нығая беретініне сенім білдірді, - деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайдың жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал Албания халқына бақ-береке тіледі.