Ақмола облысында жеке тұрғын үйден өрт шықты

Бүгін, 09:53 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ТЖД

Бүгін Ақмола облысының Шұбар ауылында жеке тұрғын үй өртенді. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жедел жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өрт 60 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, өртке электр сымдарын монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы себеп болған.