Астанада 10 жыл бұрын қылмыс жасаған күдікті Испаниядан экстрадицияланды

Бүгін, 16:58 / Інжу Әлихан
Бас прокуратура

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық орталық бюросының қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Испаниядағы Елшілігінің қолдауымен 10 жыл бұрын Астана қаласында жасалған қарақшылық шабуылды ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында шетел азаматын Испания Корольдігінен экстрадициялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу барысында күдіктінің екі сыбайласымен бірлесіп бетперде мен қолғапты алдын ала дайындап, жәбірленушінің үйіне терезе арқылы кіріп, оның ерік-жігерін басу үшін күш қолданып, пышақпен жарақат келтірген, содан кейін оның ақшалай қаражатын, зергерлік бұйымдары мен электрондық құрылғыларын иемденген.

Қылмыс жасағаннан кейін қатысушының біреуі ізін суытпай ұсталып, кейіннен 11 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған, ал қалған сыбайластары қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздестіруге жарияланған.

Кейіннен іздестіруде жүрген күдіктінің біреуі Мадрид қаласында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айып тағылған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.