«Қордай» бекетінде 200 мың долларды жасырын алып өтпек болған шетелдік анықталды

Бүгін, 11:50 / Інжу Әлихан
ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметі 16-25 қарашасы аралығында жалпы сомасы 508 млн теңгеден асатын декларацияланбаған валютаны алып өтудің 59 әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, 18 қарашада Ақтөбе облысындағы шекарада ҚР азаматының багажынан 4 441 500 рубль (баламасы – шамамен 23 млн теңге) мөлшерінде ақша қаражаты табылды.

Сондай-ақ 23 қарашада «Қордай» өткізу пунктінде 200 000 АҚШ долларын (баламасы – шамамен 91 млн теңге) жасырын түрде алып өтпек болған шетелдік анықталды.

Аталған фактілер бойынша материалдар процестік шешім қабылдауы үшін тергеулігі бойынша құзыретті органға берілді.

ҰҚК Шекара қызметі республика аумағынан тыс жерлерге ҚР заңнамасында белгіленген сомадан (10 мың АҚШ долларынан аспайтын) жоғары қолма-қол ақша қаражатын әкетуге тыйым салынғанын еске салады.