ІІМ қосымша жанармай бактары заңсыз орнатылған 634 көлікті анықтады

Бүгін, 09:00 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі заңсыз орнатылған қосымша жанармай бактары бар көлік құралдарын анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекеттік шекара арқылы өтетін автокөлік өткізу пункттерінің маңында көлікке бақылау күшейтілді.

Рейдтердің басты мақсаты - ауыр жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерлерге заңсыз әкетудің жолын кесу.

Жыл басынан бері ел бойынша қосымша бактарды заңсыз орнатудың 634 дерегінің жолы кесілді. Соңғы бір тәулікте ғана тағы екі дерек анықталды.

Полиция жүргізушілерді заңды сақтауға және көлеңкелі табыс үшін жолда өмірлерін қатерге тікпеуге шақырады.