Тараздық әйел өзіне жер учаскесін беруден бас тартқан сәулет және қала құрылысы бөлімін сотқа беріп, олардың бұл шешімін заңсыз деп тануды талап еткен. Ол сотта жеңіп шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жамбыл облыстық соттарының Telegram-дағы арнасындағы дерекке сай, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Тараз қаласы тұрғынының Сәулет және қала құрылысы бөліміне қатысты жер учаскесін беруден бас тартуды заңсыз деп тану және күшін жою туралы талап қоюы бойынша істі қарады.
Талап қоюшы қаланың шағын аудандарының біріндегі пәтердің иесі. Оған бұрын дүкенге қызмет көрсету үшін жер учаскесі берілген болатын, ол кейіннен салынып, пайдалануға берілді.
2026 жылы әкімдіктің жер учаскесін беру туралы бұрынғы шешімдері пәтер иелерінің жалпы жиналысын өткізу тәртібін бұзғандықтан сот арқылы заңсыз деп танылып, күші жойылды.
Осыдан кейін әйел тұрғындардың келісімін алу рәсімін қайта ұйымдастырды. Сауалнама қорытындысы бойынша 115 тұрғын дүкенге жер телімін беруді қолдады. Көптеген тұрғынның келісіміне қарамастан, жауапкер әйелге учаске беруден бас тартқан. Осылайша әйел сотқа жүгінген.
Сот сәулет және қала құрылысы бөлімінің жер беруден бас тартуы заңсыз деп танып, күшін жойды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.