"Қайрат" еурокубоктегі алғашқы тарихи жеңісіне жетті

Бүгін, 22:24 / Жамбыл Жайлау
"Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі

Алматылық "Қайрат" футбол клубы УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде тарихи жеңіске қол жеткізді. Қазақстандық команда өз алаңында Швецияның "Мьельбю" клубын 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу 26 қарашада Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Ойынды поляк төрешісі Павел Рачковски бастаған қазылар алқасы жүргізді. Матчтың алғашқы минуттарынан бастап алаң иелері белсенді ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде 14-минутта Еркін Тапалов қарсылас қақпасының маңында сәтті мүмкіндікке ие болып, допты жақын бұрышқа дәл бағыттады. Осылайша, "Қайрат" есепте алға шықты.

Жіберілген голдан кейін швециялық клуб шабуылдарын үдетіп, есепті теңестіруге тырысты. Алайда "Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбеков бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, командасының басымдығын сақтап қалуына көмектесті.

Кездесу 1:0 есебімен аяқталды.

Бұл нәтиже алматылық клуб үшін ерекше маңызға ие болды. "Қайрат" еурокубоктердің негізгі кезеңінде өз тарихындағы алғашқы жеңісін тіркеді.

Қазақстандық команданың келесі қарсыласы – Румынияның "Университатя Крайова" клубы. Конференциялар лигасы аясындағы келесі матч 10 желтоқсанда Алматыда өтеді.

Тэгтер:

Футбол Қайрат