Төртінші келіссөз нәтижесін көрсете бастады

Төртінші келіссөз нәтижесін көрсете бастады

Төртінші келіссөз нәтижесін көрсете бастады
ашық дереккөзі
Сирияны қарулы қақтығыстар тыйым салынатын аймақтарға бөлу – Астанада өткен төртінші келіссөздердің нәтижелілігін көрсетеді. Бұл британиялық сарапшылардың пікір-пайымы деп хабарлады 24.kz. Олар: «Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіндегі міндетін асқан жауапкершілікпен орындап, жаһандық мәселенің шешілуіне зор үлес қосып жатыр», - дейді. Франсис Фитзерберт-Брокхольс, сарапшы: - Мен Астанадағы келіссөздер жайлы жазылған көптеген ақпаратпен таныспын. Қазақстан Президентінің бұған қатысты өз мақсатты жоспарлары бар екенін де білемін. Өйткені сіздер Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесісіздер. Қазақстан осы мүмкіндіктердің басымдылықтарын пайдалана отырып, осындай келіссөздер өткізуге тырысып бағуда. Мен олардың қаншалықты сәтті болатынын және Сирия қақтығыстарының қаншалықты күрделене түсетінін айта алмаймын. Оны уақыт көрсетеді. Бір белгілісі, қарсы тараптардың басын қосу өте қиын. Бірақ бұл мақсатты Астана процесі жүзеге асыра алды.