Әлеуметтік желіде Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысына қатысты тергеу жүріп жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Facebook желісіндегі жазбада қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы 400 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгені айтылған. Ақшаны оған кәсіпкерлердің бірі берген-мыс.
– Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті сіздің сауалыңызды қарастырды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деп жауап берді ҰҚК.