Түркістан облысында борышкерлерден берешек өндіру жұмысы күшейтілді

Бүгін, 17:27 / Алуа Арман
istockphoto.com

Сарыағаш ауданы прокуратурасының бастамасымен аудандық полиция басқармасы және жеке сот орындаушыларының қатысуында «Борышкер» жедел-профилактикалық рейдтік іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Рейдтік іс-шара аясында мемлекет пайдасына өндірілетін әкімшілік айыппұлдар мен салық берешектерін өндіру, сондай-ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерді және олардың көлік құралдарын анықтау бағытында жұмыстар жүргізіліп, заң талаптары түсіндірілді.

Іс-шара барысында мемлекет пайдасына 1,5 млн теңге және 1 млн теңге көлемінде алимент берешегі өндірілді.

Аудан прокуратурасы аталған бағыттағы рейдтік іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.

Құрметті азаматтар, берешектеріңізді уақытылы өтеп, заң талаптарын сақтауға шақырамыз.

 

Тэгтер:

Түркістан облысы берешек борышкер Сарыағаш ауданы