Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 458,85 теңгені құрады. Осылайша, америкалық валюта 0,48 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің 26 қарашаға белгілеген ресми бағамы – 458,57 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 456,5 теңге, сату бағамы 458,3 теңге. Астана қаласында доллар орта есеппен 454 теңгеден сатып алынып, 461 теңгеден сатылып жатыр. Ал Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 455,66 теңге, сату бағамы 458,56 теңге болды.
Еске салайық, 16 қарашадағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,11 теңгеге өсті. 17 қарашада 0,55 теңгеге төмендесе, 18 қарашада 0,17 теңгеге қымбаттады. 19 қарашада доллар бағамы 4,47 теңгеге, 20 қарашада 5,87 теңгеге өсті. 23 қарашада 0,2 теңгеге төмендеп, 24 қарашада 3,19 теңгеге қымбаттады. Ал 25 қарашада 0,86 теңгеге арзандады.