Елордада 80 мың литрден астам алкогольдің заңсыз сатылғаны анықталды

Бүгін, 15:58 / Інжу Әлихан
Istockphoto

Астанада алкоголь өнімдерін өткізу талаптарының сақталуына бақылау жүргізілуде. 2026 жылдың өткен кезеңінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 200-бабы бойынша 1 023 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасының прокуроры Шерхан Шорабек мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл 2025 жылғы көрсеткіштен 12,7%-ға жоғары. Ал тиісті лицензиясыз алкоголь өнімдерін сату бойынша 249 материал тіркеліп, 80,3 мың литрден астам алкоголь өнімі анықталды.