«Рүстем мен Айжан деген жұп енді жоқ»: Рүстем Жүгінісовтің бұрынғы әйелі мәлімдеме жасады

Бүгін, 14:57 / Алуа Арман

Белгілі әнші Рүстем Жүгінісовтің бұрынғы жұбайы Айжан Қырықбай әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады. Ол оқырмандардан енді өзін Рүстеммен байланыстырмауын сұрап, одан өз еркімен кеткенін, жаңа өмір бастағанын жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Негізі, үндемей-ақ қояйын десем де, болмай тұр. Бұрынғы жұбайым екеуміз ажырасып кеткенімізге біраз уақыт болды. Сондықтан мені ол кісімен байланыстырып, әйелдерінің қатарына қоспауларыңызды сұраймын! Сондай-ақ, «төрт баласымен тастап кетті» деген сөздерді жазбауларыңызды өтінемін. Кету – менің өз шешімім! Және бұл шешіміме өкінбеймін. Әркім өз адамымен бақытты болсын! Алдағы уақытта ол кісімен бірге түскен қандай да бір видео көрсеңіздер, ондағы әйел мен емес екенін ескеріңіздер. «Неше әйелі бар?» деп те сұрамаңыздар. Жартысын білсем де, жартысын білмеймін! Шынымды айтсам, осы әңгімеден шаршадым. Сондықтан осы тақырыпты біржола жабайықшы! Рүстем мен Айжан деген жұп енді жоқ!» – деп жазды ол.

 

Тэгтер:

әнші Әйел Ажырасу неке Күйеу Рүстем Жүгінісов