Теңіз жағалауында отшашу атқан ақтаулық тұрғынға айыппұл салынды

Бүгін, 12:16 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Ақтауда теңіз жағалауында отшашу атып, азаматтардың тыныштығын бұзған 20 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Анықталғандай, Мұнайлы ауданының тұрғыны Баймырза Түркменбай пиротехникалық бұйымдарды пайдаланып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Аталған дерек бойынша ұсақ бұзақылық фактісімен әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулысымен құқық бұзушыға 60 550 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға және айналасындағылардың тыныштығын бұзбауға шақырады