Әнші Тамара Асар ұлы Қамбардың сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасағанын көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Оң болсын, жарықтарым. Алла бұйыртса", деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, түрлі жылы лебіздерін қалдырды.
"Құтты болсын, Тамара апа! Жастар бақытты болсын", "Өсип қалыпты. Құтты болсын, жастарға бақыт тілеймін", "Әрбір ата ананың арманы ғой ұл үйлендіріп қыз ұзату. Тамара қуаныштарыңыз ұзағынан болсын", "Қамбаржан анасының қолын ұзартып жатыр екен ғой", "Құт боп келсін сіздің шаңыраққа, Тамара апа", – деді олар.