Шымкентте қызға стақан жіберіп ұрып, тісін сындырған жігіт ұсталды (ВИДЕО)

Бүгін, 11:30 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шымкенттегі кофеханалардың бірінде болған жанжал қыздың ауруханаға түсуімен және күдіктінің ұсталуымен аяқталды. Оқиға 25 қарашада болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Куәгерлердің айтуынша, бір топ ер адам қыздарға танысуды ұсынған. Алайда олардан бас тартқан соң, жігіттер қыздардың ұлтын сұрап, кейін оларды балағаттай бастаған. Жанжал барысында ер адамдардың бірі қыздарға қарай шыны стақан лақтырған. Салдарынан қыздардың бірі беті мен қолынан жарақат алған. Жәбірленушінің бір тісі сынған, ал дәрігерлер оның ерні мен қолына тігіс салған.

Оқиғадан кейін ер адамдар құқық қорғау органдары келгенге дейін мекемеден кетіп қалған.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы ведомство басшылығының бақылауында.

 

Тэгтер:

Шымкент қыз Жігіт тіс кофехана танысу сындыру стақан тіс сындыру