Алматы облысында заңсыз берілген 100 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Бүгін, 10:58 / Інжу Әлихан
Istockphoto

Іле ауданының прокуратурасы жер учаскелерін жеке меншікке беру кезінде жер заңнамасының талаптары бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, 2009–2011 жылдары жеке тұлғаға жеке орман өсіру мақсатында жалпы көлемі 100 гектарды құрайтын екі жер учаскесі (12 және 88 га) берілген.

Алайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы аталған жер учаскелері заңнамада белгіленген тәртіп бұзылып, міндетті сауда-саттық (аукциондар) өткізілмей, жеке меншікке берілген.

Сонымен қатар жер учаскелері мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған, олардың аумағында орман екпелері болмаған.

Прокуратураның талап қоюы бойынша сот екі жер учаскесін беру негіздерін заңсыз деп танып, оларды мемлек