Жамбылда алимент төлемеген әке қоғамдық жұмысқа тартылды

Бүгін, 10:48 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жамбыл облысының Шу аудандық соты кәмелетке толмаған баланы асырауға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығын орындамаған аудан тұрғынына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2014 жылдың сәуірінде ер адамнан табыстың 1/4 бөлігі мөлшерінде және бала кәмелетке толғанға дейін ай сайын алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығы шығарылды.

Атқарушылық құжаттың болуына және бірнеше рет мәжбүрлеп орындау шараларына қарамастан, борышкер өз міндеттемелерін толық көлемде орындамаған. Нәтижесінде алимент бойынша 6 млн теңгеден астам қарыз қалыптасқан.

Сот қаулысымен ер адам ӘҚБтК 669-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Тэгтер:

алимент Жамбыл облысы Шу ауданы