Кремльде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің кездесуі өтті

Бүгін, 05:17 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Президенттер цифрландыруды және жасанды интеллектіні дамыту мәселелерін, сондай-ақ ертең өтетін AI Journey 2026 халықаралық конференциясын талқылады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
 
Сонымен қатар екіжақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйіне баса мән берілді.