Жаңалықтар

Жүз жылда адамзат өмір сүруін тоқтатуы мүмкін

ашық дереккөзі

Жүз жылда адамзат өмір сүруін тоқтатуы мүмкін

Белгілі физик-теоретик Стивен Хокинг адамзат жаһандық апаттан аман қалмайтынын, сондықтан алдағы жүз жылды жаңа ғаламшарға көшу керек деп мәлімдеді, - деп жазады Вести.Ru. Мұның егжей-тегжейі BBC арнасында жазда шығатын "Стивен Хокинг: жаңа Жерге экспедиция" атты деректі фильмде көрсетіледі. Мұның алдында Хокинг уақыт өткен сайын жаһандық апаттың болу мүмкіндігі артып келе жатқанын айтқан. Ғалым апат алдағы 1000-10000 жылда болады деп болжады. Мұнан қашып құтылудың жолы басқа ғаламшарларға көшу екенін айтады физик. Ғалымның пікірінше, адамзат үшін негізгі қауіптер қатарында Жерге астеройдтардың құлауы, климаттың өзгеруі мен Жер бетіндегі адамзат санының шектен тыс артуы. Бұл қауіптер қатарына ядролық соғыс, жаһандық жылу, генетикалық модефикацияланған вирустар мен жасанды интелект те жатқызылған болатын.