Қазақстан құрамасы керлингтен халықаралық турнирде қола жүлде иеленді

Бүгін, 17:38 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстан ерлер құрамасы Ресейдің Сириус қаласында өткен керлингтен Sirius International 2026 халықаралық турнирінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жартылай финалда отандастарымыз «Ресей-3» командасына 3:5 есебімен жол берді.

Ал үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы «Ресей-1» командасын 7:5 есебімен жеңді.

Осылайша, ұлттық құрама турнирді үшінші орынмен аяқтады.

Тэгтер:

Турнир Қазақстан құрамасы Қола жүлде жеңіс керлинг