Астана – Атырау бағытындағы пойызға жаңа Stadler вагондары қосылды

Бүгін, 15:55 / Інжу Әлихан
Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

Астана-Атырау бағытындағы №47/48 жолаушылар пойызы 9 вагонмен толықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның ішінде купеге 40, ал плацкартқа 56 орын қарастырылған.

Жаңа вагондар жолаушыларға заманауи жабдықтармен қамтылған. Климатты реттеу жүйесі, жеке жарықтандыру шамдары, 220 В розеткалары, бейнебақылау жүйесі және жүк орналастыруға арналған арнайы орындар бар.

Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар жолаушылардың жайлылығы ескерілген. Бұдан бөлек, әйелдерге арналған арнайы вагон да қарастырылған.