Қытайда бес күн қатарынан жер сілкінісі тіркелді

Бүгін, 15:52 / Алуа Арман
istockphoto.com

25 қарашада Қытай аумағында магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Астана уақытымен сағат 06:19-да тіркелген, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 43,59 градусы мен шығыс бойлықтың 85,90 градусы аралығында орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы 4,4, энергетикалық класы 10,7 болған. Жерасты дүмпуінің ошағы 30,4 шақырым тереңдікте орналасқан.

Бұған дейін 21 қарашада Қытай аумағында магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісі болғаны хабарланған еді. Келесі күні, 22 қарашада магнитудасы 5,2 болатын жерасты дүмпулері тіркелді. Ал 23 қарашада магнитудасы 4,9, 24 қарашада 4,4 болатын жер сілкінісі болған.

Осылайша, Қытай аумағында жер сілкінісі бес күн қатарынан тіркеліп отыр.

Тэгтер:

Қытай Жер сілкінісі