Ақмола облысында ер адам әйелін көлікпен қағып өлтірді

Бүгін, 14:32 / Інжу Әлихан
Istockphoto

Ақмола облысының Аршалы кентінде әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, марқұмның күйеуі алкогольдік масаң күйде ВАЗ-2114 автокөлігін басқарып, әйелін қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел көз жұмған.

Қазір жүргізуші ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.