Астанада 26 жастағы жігіт терезеден құлап, көз жұмды

Бүгін, 11:22 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Елордадағы «Лазурный квартал» тұрғын үй кешенінде 26 жастағы жігіт қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияның алдын ала мәліметінше, ол кіреберіс балконынан секірген. Марқұмның жеке басы анықталды.

Осы дерек бойынша суицид фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тәркілеп, зерделеп жатыр.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Тэгтер:

Жігіт балкон Құлау секіру