Жақын күндері Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауады

Бүгін, 10:09 / Алуа Арман
istockphoto.com

26-28 қараша аралығында Қазақстанда жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ел аумағына солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Соның салдарынан еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады. Ал солтүстік-батыстың, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың жекелеген аудандарында қатты жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады және жел күшейеді деп болжанып отыр.

«28 қарашада күндіз ауа температурасы еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында 0…-5 градусқа дейін төмендейді. Қазақстанның оңтүстік-батысы мен шығысында 0…+5 градус, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +5…+10 градус, ал таулы аудандарда 0…-5 градус болады», – деп хабарлады «Қазгидромет».

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет Жаңбыр Қар Көктайғақ