Қарағанды облысында балық аулауға кеткен ер адам өлі табылды

Бүгін, 20:34 / Жамбыл Жайлау
pixabay.com

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында балық аулауға шығып, із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі көлден табылды. Құтқарушылар бірнеше күннен кейін оның мәйітін судан алып шықты, деп turkystan.kz тілшісі eKaraganda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға Қарқаралы қаласынан 14 шақырым жерде орналасқан Беталыс көлінде болған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1962 жылы туған ер адам 18 қарашада Шахан кентінен балық аулауға барған. Ол "Әсел" шаруа қожалығына жақын орналасқан көлге келгеннен кейін хабарсыз кеткен. Ер адамның жоғалғаны туралы ақпарат 112 қызметіне полициядан түскен.

22 қарашада жоғалған азаматты іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстарына жеті құтқарушы, екі жүзу құралы және үш техника тартылған. Құтқарушылар жағадан шамамен 300 метр қашықтықта жоғалған адамның аяқкиімі мен балық аулау құралдарын тапқан. Сол күні сағат 19:05 шамасында ер адамның денесі жағадан 300 метр жерде, төрт метр тереңдіктен анықталды. Құтқарушылар оның мәйітін судан алып шықты.

Тэгтер:

балық Қарағанды облысы